Бас жаңалықтар
Коронавирус. Жандарбек Бекшин қаулы қабылдады
04 Наурыз 2020, 22:35 1285

Коронавирус. Жандарбек Бекшин қаулы қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қаулы қабылдады.

Онда Бас санитар  ҚХР-мен шекарадағы шекара және кеден бекеттерінің басшыларымен бірлесіп Достық және Алтынкөл уақытша сақтау қоймаларындағы, сондай-ақ ҚХР-мен шекарадағы автомобиль өткізу жолдарындағы теміржол жүк құрамдарының орын ауыстыруына, оларды түсіруге және қалыптастыруға тартылған адамдардың орын ауыстыру, тұру, медициналық бақылау схемаларын әзірлеуді және барлық мүдделі ұйымдармен келісуді; ҚР азаматтары, шетелдік азаматтардың жалпы саны бойынша бөліп көрсете отырып, ҚХР-дан, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз өзге де елдерден келген шетел азаматтарын бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасынан өтетін адамдар туралы күн сайынғы мониторингті және өткен тәуліктегі ақпаратты келесі күнгі сағат 02-00-ге дейін ұсынуды қамтамасыз ету тапсырылған.
Сонымен қатар Жандарбек Бекшин коронавирус бойынша ең қауіпті елдерді атаған.

1 а) санатында Қытай, Иран, Оңтүстік Корея; 1 б) санатында ҚХР, Гонконг, АӘА, Макао, Тайвань (ҚХР), Жапония, Италия; 2-санатта Франция, Германия, Тайланд, Әзірбайжан; 3-санатта БАӘ, Испания, Малайзия, Ирак, Швейцария, Ұлыбритания, Бахрейн, Кувейт, Сингапур, АҚШ қатарлы мемлекеттер тұр - делінген қаулыда.

Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...