"Коронавирус жоқ" деген Еспанов маскамен жүр

3 Сәуір 2020, 22:04
1671
Бөлісу:
"Коронавирус жоқ" деген Еспанов маскамен жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Коронавирус жоқ" деп видео түсірген танымал эстрада әншісі, композитор Нұрлан Еспанов енді маскамен жүр.

Әлеуметтік желіде әншінің тұрғын үйлердің бірінің ауласында маскамен суретке түскен жарияланды. Соған қарағанда әнші алғашқы ойынан айныған сияқты.

Өйткені, бұған дейін Еспанов көлік ішінде "коронавирус жоқ" деп видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Тірі нәрсеге тиетін дүние ғой. Былайша негізі коронавирус деген нәрсе жоқ. Қазір ғана Ыстамбұлдан әріптестерім хабарласты, Мысырда бейнебаян түсіріп жүрген балалар хабарласты, ол жақта да ештеңе жоқ. Уайымдамаңыздар, аман болайық, бұл күн де өтеді де кетеді. Коронавирус - бұл қолдан жасалған дүние, - деген еді әнші.

Өзгелердің жаңалығы