Коронавирус жұқтырмас үшін қандай сақтық шарасын орындау керек

25 Қазан 2020, 14:55
2134
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырмас үшін қандай сақтық шарасын орындау керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырмас үшін қандай сақтық шарасын орындау керек. 

coronavirus2020.kz сайты COVID-19, тұмау және ЖРВИ жұқтырмау және аурудың алдын алу үшін сақтық шараларын орындау керек екенін жазды.

Ол үшін мына 7 сақтық шарасын орындау қажет:

- Бөгде адамдармен байланысқа түскеннен кейін қолды сабынмен жуу қажет;
- Жеке гигиена заттары мен ыдыстарды басқа адамдармен бөліспеу;
- Амандасу мен құшақтасуды және қол алысуды шектеу керек;
- гаджеттерді, оргтехниканы және үстел үстін дезинфекциялау;
- қоғамдық орында бір реттік масканы пайдаланып, әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру;
- Адам көп шоғырланған жерлерге, қоғамдық орындарға (ОСО, спорттық шаралар) баруды шектеу;
- суық тиюі мүмкін адамдармен бір бөлмеде қалып, тығыз байланыста болудан аулақ болу.

Өзгелердің жаңалығы