Коронавирус жұқтырғандардың арасында министрлер мен әкімдер бар ма?

23 Наурыз 2020, 16:43
2501
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырғандардың арасында министрлер мен әкімдер бар ма?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируспен ауыратын арасында билік басындағы азаматтардың бар-жоғына байланысты сауалға жауап берді.

"Бізден коронавирус жұқтырған науқастардың арасында билік басындағы азаматтар бар ма?" деп сұрап жатқандар бар.  Атап айтқанда министрлер, вице-министрлер және әкімдердің жұқтырған-жұқтырмағанын сұрайды. Денсаулық сақтау кодексінің 95-бабына сәйкес бұл ақпарат медициналық құпия болып табылады. Біз оны жария етуге құқығымыз жоқ. Жалпы, ауырған адамның қандай қызметте болғаны маңызды емес деп санаймын. Ең бастысы, бәрі сауығуы керек, - деді Абаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол сонымен қатар, 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшетінін айтты.

 Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру жағын қарастырып жатыр. Бұл туралы барлық ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ. Бұл мәселе үкіметтің құзіретінде. Біз барлығын алдына ала хабарлаймыз. "Еларна" мен "Балапан" телеарналарынан оқушыларға арналған видео сабақтар көрсетіледі. Алайда, бұл негізгі емес, қосымша шара. Алған видео сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Олар "Балапан" телеарнасында қазақ тілінде, "Еларнада" орыс тілінде көрсетіледі, - деді министр.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде 62 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 32 адам, Алматы қаласында – 26 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 62 науқас бар.

Өзгелердің жаңалығы