Алматыда коронавирустан мерт болғандардың зиратында 32 адам жерленген

26 Мамыр 2020, 10:51
2135
Бөлісу:
Алматыда коронавирустан мерт болғандардың зиратында 32 адам жерленген

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда коронавирустан мерт болғандарға арналған полигонда 32 адам жерленген, алайда қалада 10 адам осы аурудан қайтыс болған. Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов осы жайында түсінік берді.

Бұған дейін Алматыдағы коронавирустан мерт болғандар зиратында 32 адам жерленіп, тағы 12 орын дайын тұр деген ақпарат тараған еді.

Қазіргі уақытта қалада қауіпті індеттен көз жұмғандар саны - 10 адам. Қалған 22 адамға коронавирусқа ұқсас диагноз қойылған, - деді әкім орынбасары. 

Айта кетсек, Алматы маңында коронавирустан мерт болғандарды жерлейтін арнайы полигонға жер бөлінген. Ол қаладан және елді мекеннен ұзақ орналасқан әрі онда қауіпсіздік шаралары қамтылған.

Өзгелердің жаңалығы