Бас жаңалықтар
Коронавирустың геномы толығымен шешілді – иммунолог
19 Сәуiр 2021, 11:46 2388

Коронавирустың геномы толығымен шешілді – иммунолог

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ең бастысы, спайк протайин дегені бар екен, сол иммунды жауапты шақыратын әрі потогендік ауру сипаттамаларын шақыратын бөлігі екені анықталды. 

Бұл туралы С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова онлайн брифингте айтты.

Иммунолог бір жылдан бері күресіп жатқан коронавирус жайлы қазір көп нәрсе білетіндерін айтады. 2020 жылдың қаңтар айында вирустың геномы толығымен шешілген және негізгі антигендері, иммунды шақыратын жауапты жерлері табылған.

Ең бастысы, спайк протайин дегені бар екен, сол иммунды жауапты шақыратын әрі потогендік ауру сипаттамаларын шақыратын бөлігі екені анықталды. Сондықтан қазіргі уақытта бұл вирустың құрылымы толығымен ашылды. Вирусологтар осы біліммен қаруланып вакцина жасауды бастады. Бұл вирус бүкіл дүниежүзін жаулап алған. Қандай клиникалық көріністерге алып келетіні, қандай салдары болатыны, сонымен қатар гигиеналық шаралардың бәрі қарастырылып, қазір қолданылуда, - дейді ол.

Сонымен қатар ол алғашында түрлі қателер де болғанын, әсіресе, логдаун жариялаған кезде тым артық кеткен кездер болғанын айтады.

Қазір ғалымдар мен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдары бұл виурспен күрестегі білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасуда. Мысалы, гигиеналық шараларды айтатын болсақ, бір бөлмеде бірнеше адам отырғанда маска тағу дұрыс екені дәлелденді. Ал ашық жерде жалғыз серуендеп жүргенде маска қажет емес екені анықталды. Осы сияқты қарапайым нәрселерге көзіміз жетті. Сондай-ақ ем шаралары да түзетілді. Елімізде бұл бағыт бойынша бірінің артынан бір хаттамалар шығып жатты. Себебі дүние жүзіндегі тиімді тәжірибенің барлығы қарастырылып, сараланып ем-шара тәртібіне енгізіліп отырды. Кейбір дәрілер хаттамадан шығарылып, басқасы енгізіліп жатты. Сондықтан медицина қызметкерлері көптеген тәжірибеден өте отырып, жетістікке жетті, - дейді Эльмира Битанова.

Иммунолог пандемияның сағы әлі сынбағанын айтады. Еуропа және басқа елдерде де қайталама толқындар болып жатыр.

Оған қоса жаңа мутациялар пайда болды, бұл вирустың жаңа түрі емес. Тіптен бұл вирустың мутациясы да емес, ол варианты. Жалпы кез келген вирустың ерекшелігі – олардың тектік өзегі қарапайым болады. Сондықтан өте тез мутацияға ұшырайды. Вирус қарапайым болған сайын оның өміршеңдігі зор болады. Дегенмен осы уақытқа дейін қарастырылған вирустар болсын, коронавирустың да негізгі иммунагенді қалпы өзгермейді. Мысалы, адамдардың түрі өзгеше болғанымен бәрімізде екі қол, аяқ бар деген сияқты. Сол сияқты вирустың да өзгермейтін өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл вирсологтар үшін ұтымды. Өйткені қазір қолданып жатқан вакциналардың барлығы вирустың негізгі күшіне бағытталған. Яғни вирустың түрлі мутациялары пайда бола береді, бірақ вакцина оған қарсы жұмыс істейді, - дейді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...