Қостанай облысында 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті

28 Қазан 2020, 07:41
1614
Бөлісу:
 Қостанай облысында 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова өңірдік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті.

Биыл Қостанай облысында 488 мемлекеттік және 6 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде ауылдарда 401 мектеп бар. 

Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, өңірде «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар жүзеге асырылған. 

2019 жылы 28 білім беру объектісінде жалпы сомасы 893,9 млн теңгеге жөндеу жүргізілді. 1260 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Биыл арнайы жоба шеңберінде Амангелді, Қостанай және Меңдіқара аудандарында 802,8 млн теңге сомасына 3 мектепте күрделі жөндеу іске асырылды. Амангелді ауданының 7 ауылындағы мектептер жаңғыртудан өтті. Қостанай ауданның Совхозный орта мектебі ғимараты және Меңдіқара ауданының Первомайск мектебі жөнделді, - дейді басқарма басшысы. 

2021 жылы аймақ мектептеріне күрделі жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджет есебінен 79,1 млн теңге қосымша бөлінді. Қазір 9 білім беру ұйымының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. 

Негізі барлық бөлінетін сома – 2,2 млрд теңге. Нәтижесінде 500-ден астам уақытша жұмыс орнын құруға болады.

Өзгелердің жаңалығы