Бас жаңалықтар
Қостанай облысында жоғалған қойшы бір аптадан кейін тірі табылды
27 Ақпан 2021, 17:44 296

Қостанай облысында жоғалған қойшы бір аптадан кейін тірі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кетті. Ол жылқыларды іздеп шыққан, деп жазды Tengrinews.kz.

49 жастағы азаматты іздеу жұмыстарына полиция, құтқарушылар және жергілікті тұрғындардан құралған елуге жуық адам қатысты. 

Сондай-ақ іздеу шараларына 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласынан тікұшақ жеткен.

Тікұшақ арқылы құтқарушылар алдымен жылқыны көреді, ер адам аттың жанынан табылған. Ол қарды ойып, өзіне қоршау жасап аман қалған.

Амангелді Тұржановты құтқарушылар Жезқазғанға жақын маңдағы елді мекенге алып кетті.


Фото: дереккөз
Загрузка...