Бас жаңалықтар
Ковалев "Канеломен" қайта жұдырықтасуы мүмкін
01 Желтоқсан 2019, 16:01 8261

Ковалев "Канеломен" қайта жұдырықтасуы мүмкін

Алматы, BAQ.KZ. Ресейлік боксшы Сергей Ковалев келесі жылдың мамыр айында Сауль "Канело" Альвареспен тағы да жұдырықтасуы мүмкін.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Осындай ақпаратпен әйгілі Boxingnews24 порталының авторы Шон Джонс бөлісіп отыр.

Өткен айдағы жекпе-жекте мексикалық боксшыдан ұтылған Ковалев, мамыр айында Саульмен тағы кездесуі мүмкін. Альвареске қарсы жұдырықтасудан Геннадий Головкиннің де үміті бар. "Канеломен" жұдырықтасып, Сергей 12 миллион долларға ие болды. Дәл осындай қаржымен реваншқа неге келіспеске? - деп жазды Джонс.


Фото: дереккөз
Загрузка...