Өкпе қабынуынан емделген пациенттер саны неге күрт артты?

18 Қыркүйек 2020, 18:11
1034
Бөлісу:
Өкпе қабынуынан емделген пациенттер саны неге күрт артты?

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында өкпе қабынуынан емделген пациенттер санының күрт арту себебін түсіндіріп берді.

14 қыркүйек күні coronavirus2020.kz сайтында коронавирус індетіне ұқсастығы бар өкпе қабынуынан жазылған 6 853 пациент туралы ақпарат жарияланды. Ал 15 қыркүйекте бұл цифр артып, емделіп шыққандар саны 26 335 адамға жетті. Бұл өсім 1-13 тамыз аралығында стационарда, сонымен қатар, амбулаторлық деңгейде, үйде емделіп шыққан барлық пациенттердің мәліметін енгізуге байланысты орын алды, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін осы брифинг аясында ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова елімізде демалыс күндеріндегі шектеу шаралары мен ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына сай карантиндік жеңілдіктер турасында айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы