Өкпені жасанды желдету аппараттары өзімізде шығады

4 Шілде 2020, 06:42
1641
Бөлісу:
Өкпені жасанды желдету аппараттары өзімізде шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Тыныс" АҚ "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ құрамына кіретін машина жасау кәсіпорны болып табылады (ҚР ИИДМ еншілес кәсіпорны). Кәсіпорын әр түрлі салаларға арналған өндірістік-техникалық мақсаттағы 100-ден астам тауар түрін шығарады, соның ішінде "КОКЧЕТАВ-4п" өкпені жасанды желдету аппараттары бар.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

"КОКЧЕТАВ-4п" - бұл жедел жәрдем машиналарында, оқиға орнында және дала жағдайында, сондай-ақ, хирургияның, реанимацияның клиникалық бөлімшелерінде, қарқынды терапия палаталарында өкпені оттегі-ауа қоспасымен жасанды желдету және оттегі ингаляциясын жүргізуге арналған жинақы, шусыз, автономды аппарат.

Өндірілетін ӨЖЖ аппараттарының қазақстандық құрамы 90% құрайды, барлық жиынтықтаушылар "Тыныс" АҚ базасында өндіріледі.

Бұл ретте, "Тыныс" АҚ шығарылатын бұйымдардың санын арттыру үшін өндірістік қуатқа ие.

Бүгінгі күні, өтеусіз беру шеңберінде ӨЖЖ аппаратының 81 бірлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Бұдан басқа, шығарылған ӨЖЖ 245 аппараттары Қарағанды, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарына жөнелтілді.

Өзгелердің жаңалығы