Бас жаңалықтар
Кредит алатындардың жағдайы жақсарады. Министр жаңа норма туралы айтты
04 Қараша 2020, 15:21 18607

Кредит алатындардың жағдайы жақсарады. Министр жаңа норма туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда микроқаржы ұйымдарының қызметін қаржы ұйымдарына теңестіру көзделеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданған болатын. 

Онда ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған бірқатар түзетулер көзделген. Заңнама нормаларын біріздендіру үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің орнына базалық мөлшерлеме ақша-кредит саясатының негізгі құралы ретінде ұсынылған. 

Қаржы нарығының тұрақтылығы бойынша синдикатталған қарыз беру тетігін жетілдіруге бағытталған түзетулер көзделеді. Осы норманың арқасында кредит алатындардың жағдай жақсарады. Яғни банктік емес секторға кіретін ұйымдар халыққа кредит береді. Алайда мөлшерлемелері жоғары, айыппұлдары мен комиссиялары да көп, - дейді Дәленов.

Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып отыр.

Бейрезидент банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін елдің қаржы ұйымдарына ұқсас талаптарды айқындау ұсынылады. Микроқаржы ұйымдарының қызметін қаржы ұйымдарына теңестіру көзделеді. Бұл қаржы қызметтерінің адал бәсекелестігін қолдауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Кредиттің шекті мөлшерлемесі бойынша талап қойылады. Ұйым басшылары мен акционерлерге жабдықтау жағынан міндеттер белгіленеді. Қаржы нарығын реттеу агенттігі лицензияланатын қызметтерді тексеретін болады. Бұның барлығы кредит алатындардың құқығын қорғайды және қаржылай тәуекелдерді азайтады, - дейді министр.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...