Кремний алқабында жұмыс істеу үшін не істеу керек?

3 Шілде 2020, 13:33
1932
Бөлісу:
Кремний алқабында жұмыс істеу үшін не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кремний алқабында жұмыс істеу үшін не істеу керегін Snap Inc бағдарламалық қамтамасыз етудің әзірлеушісі Асхат Ахметжанов онлайн өткен "Astana Finance days 2020" панельдік сессиясында айтып берді.

Қазір Асхат Ахметжанов Сан-Франциско қаласында IT-компанияда жұмыс істеп жүр. Ол өз оқиғасымен бөлісті.

Мен қазір Сан-Франциско қаласындағы кеңседе жұмыс істеймін. Ал бас кеңсе Лос Анджелес қаласында орналасқаны белгілі. АҚШ-тың IT-компаниясына жұмысқа тұру 3 кезеңнен тұрады. Алдымен, резюме тапсырған соң, іріктеу кезеңі онлайн форматта өтеді. Кейін кеңсеге шақырылып, әңгімелесу кезеңі өтеді. Одан өткен соң, келісімшарт ұсынылады. Келісім екіжақты талқыланады, - деді Ахметжанов. 

Маманның айтуынша, ол 4 жыл бойы facebook компаниясында жұмыс істеген. Қазір бір жылдан астам уақыт Snap компаниясында еңбек етуде.

Әрине, құжат, өтінім тапсырған кезде сізді ұсынатын таныстың болғаны жақсы. Менің жағдайымда ондай мүмкіндік болмады. Мен facebook-тің сайты арқылы мыңдаған өтінім жібердім. Ешқандай жауап болмады. Өзім олардың электронды поштасына жазып, өтінімімді қарауды өтіндім. Бағым жанып, олар өтінімді көріп, мені онлайн әңгімелесуге шақырды, - дейді ол. 

Ахметжановтың айтуынша, IT-компанияның корпоративтік артықшылықтары туралы барлығы біледі. 

Тегін тамақ, сақтандыру, спорт нысандары барлығы тегін екені белгілі. Ең бастысы олар әрбір қызметкердің идеясы мен пікірін тыңдайды. Толық шығармашылық еркіндік беріледі. Егер де идеяңыз көңілден шықпай жатса да, ешкім сізді сөкпейді, - дейді ол. 

Ол атағандай, әр апта сайын компанияның жетекшілерімен жиналыс өтеді. 

Жетекшілер қызметкерлерінің алдында аптадағы жаңалықтар бойынша есеп береді. Қызметкерлерге компанияның миссиясы туралы еске салады. Алғашында, әрине, жұмыс көп болды. Үйрену үшін де біраз уақыт кетті. Кейін біліктілік артып, бейімделу үрдісі аяқталды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы