Бас жаңалықтар
Алдағы уақытта пәтер иелерінің кооперативі болмайды
28 Қыркүйек 2020, 17:23 196

Алдағы уақытта пәтер иелерінің кооперативі болмайды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев онлайн брифинг барысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу мәселелері бойынша баяндады.

2019 жылғы 26 желтоқсанда «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заңына қол қойылды. Аталған заң қолданысқа 2020 жылдың 7 қаңтарында енді. Заңға сәйкес көпқабатты тұрғын үй иелері осы заң қолданысқа енгізілгеннен бастап 1 жыл ішінде, яғни 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін көппәтер кеңесін сайлау және кондоминиум нысанын таңдау бойынша шешім қабылдау үшін меншік иелерінің жиналысын өткізуге міндетті. Алайда, Қазақстан Республикасы аумағында Төтенше жағдай енгізіліп, жиналыстар өткізуге шектеу шаралары болды. Осыған байланысты жиналыс өткізуге мүмкіншілік болған жоқ. 

Заң бойынша әр үй меншік иелерімен басқарылуы керек. Яғни, бір үй, бір бірлестік және бір есеп қағидасына негізделген. Яғни, басқарудың екі түрі ғана қарастырылған. Ол меншік иелері бірлестігі (МИБ) және жай серіктестік. Бұл жерде тұрғындар меншік иелері басқарушысын өздері сайлайды. Ал, пәтер иелері кооперативі 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ, ПИК-пен келісім шар аясында жұмыс істеуге болады, яғни олар сервистік қызмет көрсетеді, - дейді ол.

Сондай-ақ ол  Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы өз кезегінде Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің жобасын әзірлегенін және ол келісу сатысында тұрғанын айтты.

Жобаға сәйкес, коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен және сервистік қызмет субъектілерімен басқару бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу кезінде МИБ төрағасы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ұсынады, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамы басқару нысанын таңдау мәселесі бойынша пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының хаттамасын ұсынады. Осылайша, қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюдың қажеті жоқ, - дейді Отыншиев.

Бұл түзетулер оларды Алматы қаласының мәслихаты қабылдаған жағдайда, кейіннен әділет органдарында тіркеле отырып, қолданысқа енгізілмек.

Қазіргі уақытта қалада 56 МИБ пен 2 жай серіктестік тіркелген. 

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 47-бабына сәйкес алдағы жалпы жиналыс туралы кооператив мүшелері кемінде он күн бұрын хабардар етілуге тиіс.


Фото: дереккөз
Загрузка...