Бас жаңалықтар
КСРО паспортымен жүргендерді ҚР куәлігімен құжаттандыру науқаны ұзартылды
25 Ақпан 2021, 19:42 288

КСРО паспортымен жүргендерді ҚР куәлігімен құжаттандыру науқаны ұзартылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасы ҚР-ның құжатын алмаған тұрғындардың куәлігін жасап беру науқанын осы жылдың 1 мамырына дейін ұзартқандарын мәлімдеді.

Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасы, қазіргі уақытта ҚР азаматының құжаттары немесе ҚР азаматтығы жоқ адамның (АЖА) куәлігін жасап беру үшін заңсыз мәртебесі бар адамдарды анықтау бойынша науқан 2021 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылғанын мәлімдейді, - делінген хабарламада. 

2020 жылдың 6 қарашасында Ішкі істер министрлігінің БКМ, Әділет министрлігі, «Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро» ҚҚ және «Әйелдердің құқықтық орталығы «Сана Сезім» ҚҚ-мен азаматсыздықты азайту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Осыған байланысты Алматы қаласы аумағында тұратын, 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) паспорты бар жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар және Қазақстан Республикасының жеке куәлігін уақтылы алмаған 18 жастан асқан адамдар тіркелген жері бойынша көші-қон қызметі бөліміне хабарласуы қажет. 

Оған қоса Қазақстан Республикасының құжаттарымен құжаттануы керек. Қала тұрғындары тұрғылықты жерінің аумақтылығы қарай Полиция басқармасына хабарласа алады.


Фото: дереккөз
Загрузка...