Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

19 Ақпан 2021, 11:42
5613
Бөлісу:
Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Бас прокуратурада цифрлық жобалар таныстырылды. 

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылатын «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі» (СДТБТ) жүйесінде сотқа дейінгі тергеу органдарының негізгі шешімдерін прокурорлармен келісу жүзеге асырылады. 
2017 жылы Бас прокуратура «СДТБТ» АЖ базасында «Электрондық қылмыстық іс» модулі әзірленді, бұл 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық істерді тергеп-тексеруді электрондық форматта жүргізуге мүмкіндік берді.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде 162783 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 73546 құқық бұзушылық бойынша қылмыстық істер электрондық форматта тергелді, бұл 45,1% - ды немесе іс жүзінде әрбір екіншісін құрайды.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Көрсетілген көрсеткіштерге қылмыстық қудалау органдарының ұйымдастыру техникасымен (679 компьютер, 297 монитор, 355 графикалық планшет, 346 сканерлеу және басып шығару құрылғысы, 323 саусақ ізін оқу құрылғысы) жарақтандыру бойынша қабылданған шаралардың арқасында қол жеткізілді, бұл тергеудің цифрлық форматына көшуді жандандыруға ықпал етті.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Бұл жұмыстың мәні тергеуші, адамды күдікті деп тану, әрекетті саралау, қайта саралау, істі тоқтату, тоқтату туралы өзінің шешімін, сондай-ақ адамды айыптау хаттамасын және бұйрықтық іс жүргізуін қолдану туралы қаулыны СДТБТ-де электрондық түрде қалыптастыруға болатындығында болып отыр,- деді прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.  
Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Прокурор онлайн режимінде белгіленген мерзімдерде олардың заңдылығын тексереді, бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Прокурордың келісуінсіз және бекітуінсіз жоғарыда көрсетілген процестік шешімдердің заңдық күші болмайды.
Бұдан басқа, қылмыстық процеске қатысушылардың қабылданған процестік шешімдерді қашықтықтан қадағалауға, келіспеген жағдайларда оларға уақтылы шағымдануға мүмкіндігі бар.

Мұндай модель процестік құжаттарды дайындау уақытын және тергеу мерзімдерін қысқартады, қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартылған адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Осы жаңалықтарды іске асыру қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің бірінші кезеңі болып табылады, - деді ол. 
Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Қылмыстық саладағы СДТБТ - ға ұқсас, «Әкімшілік іс-жүргізудің бірыңғай тізілімі» - бұдан әрі ӘІЖБТ(ЕРАП) - статистиканы қалыптастырып қана қоймай, іс қозғаудан бастап, барлық қойылған шектеулерді алып тастай отырып, әкімшілік жазаны орындауға дейінгі әкімшілік іс жүргізудің бүкіл процесін автоматтандырады.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Жұмысты нәтижелі іске асыру үшін 2004 жылы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер енгізілген алғашқы жүйе құрылды.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Жүйеге 60-тан астам мемлекеттік орган қосылған.

Электрондық әкімшілік хаттамалар планшеттерде 5-10 минут ішінде айыппұл туралы адамға SMS-хабарлама жіберу арқылы рәсімделеді.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Олар бойынша оларды төлеу рәсімдері жеңілдетілді. Енді мұны төлем картасының, «Қазпочта» АҚ-ның көмегімен немесе екінші деңгейдегі банктер мен олардың төлем терминалдары арқылы жасауға болады.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Бүгінде полицейлердің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлеу және хаттамаларды рәсімдеу процесі 100% автоматтандырылғаны атап өтілді, - деді полиция майоры.
Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Нәтижесінде, 2020 жылы 6 млн. астам әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалар электрондық форматта ресімделген.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Қадағалау жеделдігі және бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз ететін «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» жүйесі (ТСОБТ) құрылған.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Бағдарлама бизнесті бақылаушылар тарапынан негізсіз қысымнан қорғаудың негізгі құрауыштарының бірі болып табылады.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

2020 жылы осы жүйенің көмегімен прокурорлар мемлекеттік органдар заңсыз тағайындаған 403 тексерудің жолын кесті.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

ТСОБТ аясында «Qamqor» мобильді қосымшасы іске қосылды. Енді кәсіпкерлер алдағы тексерулер туралы хабарламалар ала алады, тексеруші өз өкілеттігінен тыс шыққан жағдайда прокуратураға шағым бере алады.
Бүгінгі таңда қосымшаны 110 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Сондай-ақ, таныстырылым барысында халыққа құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ететін «Qamqor» ақпараттық сервисінің жұмысы көрсетілді, - деді прокуратура қызметкерлері. 
Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Осы сервис арқылы азаматтар полицияға арыз беріп, оның қаралуын қадағалай алады, ЖКО-ға қатысуға көлікті тексере алады, қылмыстық істің қозғалысы, айыппұлдар туралы ақпарат, сондай-ақ алимент бойынша борышкерлер және адамдарды іздеу туралы мәліметтер ала алады.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Сондай-ақ, сервис аясында азаматтарға ыңғайлы болу үшін «қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» және «өтініштер картасы» модульдері әзірленді.

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов атап өткендей, цифрландыру жемқорлықтың алдын алуға да өз септігін тигізеді. 

Күдікті, тергеуші, прокурор. Үрдіс қалай жүзеге асырылады?

Адамдардың құқығын шектейтін өзге әрекет жасауға мүмкіндік бермейді. Былтырғы қаңтарда 28 пайыз электронды болса, қазір 71 пайыз электронды түрде жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы