Күрес түрлерінен қыздар құрамасы халықаралық жарыста топ жарды

7 Наурыз 2021, 15:33
2414
Бөлісу:
Күрес түрлерінен қыздар құрамасы халықаралық жарыста топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 алтын, 2 күміс және 2 қола. Күрес түрлері бойынша Италиядағы халықаралық жарыс қазақстандық бұрымдылар үшін сәтті өтті, деп хабарлады «Хабар 24». 

Қыздарымыз жалпы есепте бірінші орын алды. Атап айтқанда, орта салмақтағы Гаухар Мұқатай мен Жәмиля Бақбергенова қарсыласқа шақ келтірмеді. 

Күміс медаль Айша Уалишан мен Диана Каюмоваға бұйырды. Ал Эмма Тисина мен Эльмира Сыздықова үздік үштікке кірді.

Айта кетейік, енді Токиодағы байрақты бәсеке 23 шілдеде басталады.


Өзгелердің жаңалығы