Курсанттар әскери-техникалық мамандықты меңгерді

20 Қыркүйек 2020, 14:03
1446
Бөлісу:
Курсанттар әскери-техникалық мамандықты меңгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс Министрлігі Алматы филиалының әскери-техникалық мектебінде курсанттар үш айлық оқуды тәмамдады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жас аралықтары 18 бен 24 жасты құрайтын жастар «В», «С» санатындағы және «С1 «кіші санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі» бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

Қазіргі таңда 30 түлекке сертификат табыс етілді. Жол қозғалысы ережелері мен тәжірибелік жүргізу бойынша емтиханды сәтті тапсырғандар жүргізуші куәліктеріне ие болды. Бұл мамандық әскерде қызмет еткеннен кейін де сұранысқа ие болады, – деді әскери-техникалық мектеп филиалының директоры полковник Мирас Жылкелдин.
Қорғаныс министрлігі «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын 2017 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Кадрларды даярлау Қарулы Күштерді жасақтау қажеттілігіне сәйкес 16 әскери-техникалық мамандық бойынша өтеусіз негізде жүргізіледі. Мектеп тәрбиеленушілерін қорғаныс ведомствосының есебіне тұрып, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етеді.

Оқудан кейін курсанттар әскерге шақырылып, әскери бөлімдерге бөлінеді.

 


Өзгелердің жаңалығы