Күршім ауданында күн суытып, қар жауды

25 Қыркүйек 2020, 04:10
2238
Бөлісу:
Күршім ауданында күн суытып, қар жауды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-ның Күршім ауданына қарасты Ұранхай ауылына жапалақтап қар жауды. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады.

Алтайға әдетте қыс ерте түсіп, көктемі кеш шығады. Бірақ, қыркүйектің ішінде қар басып қалмайтын. Ұранхай ауылына түскен қар – мөлшермен 5-10 сантиметрдей. Ауа температурасы -2 градусты көрсетіп тұр.

Жалпы, бұл ауылдың қысы қатал. Қазақстандағы аязы ең қатты ауыл – Шанағатты да осы жақта, - деп жазды «Егемен Қазақстан» газетінің өңірдегі меншікті тілшісі.

Өзгелердің жаңалығы