КВИ белгілері бар пневмонияның 165 жағдайы анықталды

24 Қазан 2020, 09:01
1055
Бөлісу:
КВИ белгілері бар пневмонияның 165 жағдайы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 24 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 165 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 52 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 36732, 393 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28442 жетті.

Өзгелердің жаңалығы