Бас жаңалықтар
Қырғызстандық депутат зауытты басып алмақ болды деген күдікпен ұсталды
16 Қаңтар 2021, 22:16 216

Қырғызстандық депутат зауытты басып алмақ болды деген күдікпен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасының Жоғарғу Кенеш депутаты Дуйшон Торокулов сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды 24.kg МҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, депутат Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар және Ошта зауытты басып алмақ болды деген күдікке ілінген. Айта кетейік, күдікті Дуйшон Торокулов Душка деген лақапатпен белгілі.

Ол жедел іздестіру шараларынан кейін ұсталды. Онымен бірге Шу облысының аумағында қылмыстық топтың басқа мүшесі Жантай Шәменов те ұсталды.

Бішкектің Первомай аудандық сотының қаулысымен Дүйшон Торокуловқа қатысты екі ай мерзімге МҰҚК тергеу изоляторында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Жантай Шәменов МҰҚК тергеу изоляторының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазады басылым.


Фото: дереккөз
Загрузка...