Бас жаңалықтар
Қырғызстанның СІМ Қазақстаннан көмек сұрап отыр
30 Қазан 2020, 08:25 306

Қырғызстанның СІМ Қазақстаннан көмек сұрап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстаннан дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарын сұрап, көмектесуін өтінді, деп хабарлайды Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Қырғызстан СІМ қаржылай-техникалық көмек көрсету мүмкіндігін де қарастыруды өтінді.

Министр Руслан Қазақбаев қазақстандық тараптап Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіне қайтарымсыз негізде дәрі-дәрмек және қорғаныш құралдарын беруді сұрады. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары жүк тасымалдаушылар үшін Қырғызстан-Қазақстан шекарасында қолайлы жағдай жасау керегін атап өтті, - деп хабарлады Қырғызстан СІМ.

Сондай-ақ, Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады. Үкімет басшысы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының тармақтарын қоса алғанда, елдер арасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимылын талқылады.

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...