Бас жаңалықтар
Қыркүйектегі инфляция ненің бағасына әсер етті?
27 Қазан 2020, 11:17 184

Қыркүйектегі инфляция ненің бағасына әсер етті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің қорытындысы бойынша жылдық инфляция Ұлттық банктің күткенінен төмен 7,0% деңгейінде қалыптасады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк инфляцияның құрамдас бөліктерінің серпінін бақылауда. Азық-түлік инфляциясының құрылымында нарықтардағы ет және нан-тоқаш өнімдері бағасының жылдық өсу қарқынының баяулауы байқалды. Маңызды импорттық құрамдас бөлігі бар тауарлар тобына бағаның өсуі байқалады. Нан-тоқаш өнімдері мен жармалар бағасының жылдық өсуі 13,4%, ет және ет өнімдері – 10,3%, май мен тоң май – 9,8%, шай мен кофе – 9,4%, алкогольдік ішімдіктер – 7,7% болды, - делінген хабарламада.

 Азық-түлікке жатпайтын инфляцияның серпіні халықтың ақшалай кірісінің төмендеуінен, сондай-ақ карантиндік шаралардан туындаған төмен тұтынушылық сұраныс аясында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда. 

Карантиндік шараларды жеңілдетуге және нақты сектор кәсіпорындары қызметінің қайта жандануына қарай 2020 жылғы қыркүйекте бензин бағасының жылдық өсу қарқынының 2,7%-ға дейін үдеуі байқалады.

Ұлттық банк мәліметінше, ақылы қызметтер инфляциясын жылдамдатқан негізгі фактор реттелетін коммуналдық қызметтердің 0,7%-ға, атап айтқанда, электр энергиясының 6,6%-ға қымбаттауы болды. Көрсетілетін қызметтер бағасының жалпы өсуіне білім беру және байланыс қызметтерінің тиісінше 3,3%-ға және 2,1%-ға қымбаттауы да ықпал етеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...