Қытайда жеті қабаттық ғимарат құлап, адамдарды басып қалды

20 Маусым 2021, 17:33
4157
Бөлісу:
Қытайда жеті қабаттық ғимарат құлап, адамдарды басып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Хунань провинциясында жеті қабаттық үй құлады, зардап шеккендер бар, деп жазды Life. 

Мәлімет бойынша бес адам оқиға орнында қаза тауып, жетеуі жарақат алған. Құлаған үйде 27 адам тұрып жатқан. Апат кезінде қалғандары үйде болмаған. 

Қытайдың орталық телеарнасы оқиғаға орнында 400 құтқарушы мен 80 техника жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Апат орнында аршу жұмыстары жүріп жатыр. Оқыс оқиға себебі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша үйдің құлауына жанында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары әсер еткен.

Өзгелердің жаңалығы