Бас жаңалықтар
Қызылорда әуежайына қосымша жаңа ғимарат салынады
28 Қараша 2020, 07:50 130

Қызылорда әуежайына қосымша жаңа ғимарат салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда өңірінд әуежай терминалының жанынан қосымша ғимарат салынады, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі таңда ғимараттың жоба-сметалық құжаттамасына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа терминалдың көлемі екі есеге, яғни 1400 шаршы метрге кеңейеді. Сондай-ақ, ұшу ғимараты салынғанда, бірінші ескі терминал қайта жаңғыртылады.
  
Бірнеше жылдан бері жаңа әуежай құрылысын салудың әр түрлі нұсқасы қаралды. Алайда, бағасы тым қымбат болды. Сондықтан әуежайға қосымша жаңа ғимарат салу жобасына тоқтам жасадық. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың екінші тоқсанында басталады деп жоспарлануда. Кеңейтілген әуежай терминалы халықаралық стандарт талаптарына сай болады, - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Дамир Тілеуов.

Бүгінде «Қорқыт Ата» әуежайы аптасына 32 рейске қызмет көрсетіп отыр. Атап айтсақ, «AirAstana», «Qazaq Air», «Skat», «Fly Arystan» әуекомпаниялары.



Фото: дереккөз
Загрузка...