Бас жаңалықтар
Қызылорда аймағының 14,3 мың гектарына сексеуіл егіледі
06 Наурыз 2021, 02:15 344

Қызылорда аймағының 14,3 мың гектарына сексеуіл егіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қызылорда өңірінде 14,3 мың гектарға сексеуіл көшеттері егіледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Жоспарланған көлемнің 1000 гектарына көктем айларында, ал 13,3 мың гектар жерге агротехникалық талаптарына сәйкес күзде сексеуіл тұқымдары себіледі. Сексеуіл Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егіледі.

Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 594,1 мың га жерге орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса, заң бұзушылықтардың алдын алу, оны анықтау мақсатында 43 рейд ұйымдастырылды. Оның ішінде, орман тәртібін бұзған 23 жағдай, аң және балық аулау бойынша 6 дерек анықталды. Сондай-ақ орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында 7 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндіруші қызмет атқарады, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұлдызай Айтжанова.
Сонымен қатар, ағаш көшеттерін өсіретін 100 гектарға уақытша орман тұқымбағы ұйымдастырылады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...