Қызылордада мас күйінде көлік тізгіндеген азамат ұсталды

24 Қараша 2020, 15:50
2181
Бөлісу:
Қызылордада мас күйінде көлік тізгіндеген азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының Шиелі ауданында мас күйінде көлік басқарып жүрген облыс орталығының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

21 қарашада Шиелі ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері Шиелі кенті Әбдікәрімов көшесінің бойында Nissan маркалы автокөлікті тоқтатқан. Шетелдік көліктің рөлінде отырған Қызылорда қаласының тұрғынынан алкогольдік ішімдіктің иісі шығып тұрған. 

Қызылордада мас күйінде көлік тізгіндеген азамат ұсталды

Патрульдік полицейлер мас жүргізушіні аудандық наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптамадан өткізу нәтижесінде 42 жастағы жүргізушінің жеңіл дәрежедегі масаң күйде екендігі анықталды. Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес тиісті хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.


Өзгелердің жаңалығы