Бас жаңалықтар
Қызылордада «Тәуелсіздікке тарту: 30 отты жыр» атты челлендж басталды
VIDEO
21 Қаңтар 2021, 23:37 321

Қызылордада «Тәуелсіздікке тарту: 30 отты жыр» атты челлендж басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болған тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын айтулы шаралармен атап өтуге үлкен басымдық берген еді. 

Осы бастама аясында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: 30 ОТТЫ ЖЫР!» челленджін бастады. Аталған челлендж мақсаты – аймақ жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық рухын арттыру және өскелең ұрпаққа тәуелсіздіктің құны мен бағасын түсіндіру.

Отты жыр арқылы патриоттық рух беретін челленджды оқу орнының жастар ісі жөніндегі инспекторы Шәкизат Қаратайұлы бастап, Қызылорда облыстық Жастар орталығы директорының орынбасары Талғат Тілес пен колледждегі Jas Otan жастар қанаты бөлімшесінің төрағасы Бекасыл Серікке жолдады. Сондай-ақ батыр қыз атындағы оқу орны ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арнап, бастама көтеріп қана қоймай, барша Сыр жастарын, жоғары және орта арнаулы техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарын осы шараға белсенді қатысуға шақырды.





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...