Бас жаңалықтар
Қазақстандық вакцинаның тиімді әрі зиянсыз екені дәлелденді
26 Тамыз 2020, 17:09 747

Қазақстандық вакцинаның тиімді әрі зиянсыз екені дәлелденді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерғали Әбдірайымов бүгін «Ғылым қоры» АҚ-ның Facebook-тегі парақшасында «Коронавирус індетінің екінші толқыны» тақырыбына арналған «Ғалымдар алаңы» дискуссиялық онлайн-алаңында айтты.

Қазіргі таңда COVID-19-ға қатысты әлеуметтік желілерде өте көп мәлімет таралуда. Оның ішінде вакцинаның тиімсіз болуы мүмкін деген де ақпарат бар. Осыған қатысты бізде атқарылып жатқан шаруаларға тоқтала кетсем, ғылыми-зерттеу жұмыстарын 2020 жылдың 23 наурызында бастадық. Біздің белсенділігі жойылған алғашқы вакцинамыз 9 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) тіркеуіне алынды. Сол аралықтан бері вакцина клиникаға дейінгі сынақтардың барлығынан өтті. Клиникалық сынақтар екі негізгі базада жүрді. Оның біріншісі біздің институттың клиникалық базасы, екіншісі Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты дәрілік заттар мен медициналық ұйымдарды сараптау ұлттық орталығындағы база. Вакцина толығымен өзінің зиянсыздығын дәлелдеді, - деді ол. 

Ғалым қазақстандық вакцинаның түрлі лабораториялық жануарларға тексеріліп, вакцинаның тиімсіздігі толықтай дәлелденгенін атап өтті.

Вакцина клиникалық сынақтарға дейін Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен хаттамасына сүйене отырып жүргізілетін әдістемелері бар, соның ішінде лабораториялық жануарларға тексеріледі. Біз вакцинаны тышқаннан бастап атжалман, егеуқұйрық, күзен, теңіз шошқасы және маймылдарға тексеріп көрдік. Алынған нәтижелер бойынша біз өзіміздің белсенділігі жойылған вакцинамыздың толығымен зиянсыз және тиімді екенін айта аламыз. Сонымен қатар, 26 шілде күні институттың бас директоры Күнсұлу Закарияның бастамасымен негізгі зерттеуші жеті ғалым ерікті түрде өздеріне вакцина салғанын білесіздер. Бүгін содан бері 21 күн өтіп, вакцинаның тиімділігі мен зиянсыздығы дәлелденді, - деді Әбдірайымов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...