Бас жаңалықтар
Lamborghini медициналық маска өндіре бастады
01 Сәуiр 2020, 14:54 210

Lamborghini медициналық маска өндіре бастады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Италиялық автоөндіруші компания күніне 1000 маска мен 200 қорғаныс экранын жасап шығармақшы, деп жазады korrespondent.net.

Италиялық "Automobili Lamborghini" компаниясы хирургиялық маска тігу және бетке арналған медициналық қорғаныс экрандарын жасау үшін шеберханаларының бір бөлігін қайта жабдықтайтынын жариялады. Бұл автоөндірушінің 31 наурызда жарияланған мәлімдемесінде жазылған.

Медициналық қорғау құралдары Болоньедегі Сант-Орсола-Мальпиги ауруханасына ұсынылатын болады. Мұнда дәрігерлер Болонье университетімен бірлесіп, COVID-19 пандемиясымен күресіп жатыр. 

Компания күніне 1000 маска мен 200 қорғаныс экранын жасап шығармақшы. Өткен аптада италиялық Armani сән үйі медицина қызметкерлеріне арналған бірреттік халаттар тігуді бастайтынын жариялады.

Сондай-ақ, Fiat Chrysler Automobiles автоконцерні де алдағы аптада медициналық маскалар өндірісін жолға қоймақ.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...