Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 18 млн-ға жетті

2 Тамыз 2020, 11:40
1051
Бөлісу:
Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 18 млн-ға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы үш күнде планетаның миллионға жуық тұрғыны коронавирус инфекциясының жаңа түрін жұқтырды.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионға жетті, деп хабарлады worldometers сайты.

18 миллион жағдайдың ішінде 688 мың адам қайтыс болды. Сондай-ақ 11 миллион 325 мың науқас сауығып шықты.

Соңғы тәуліктің ішінде әлемде коронавирус жұқтырған 246,5 мың науқас тіркелді.

АҚШ-та -58,4 мың. Үндістанда 54,8 мың жаңа жағдай тіркелді. Бразилияда - 42,5 мың, Колумбия мен Оңтүстік Африкада - 10 мыңнан астам, Мексикада - 8,4 мың, Ресейде - 5,4 мың, - делінген хабарламада.

Тәулік ішінде аурудың асқынуынан 5386 адам қайтыс болды. Өлім саны бойынша АҚШ пен Бразилия көш бастап тұр.

Айта кетейік, Қазақстанда 91 593 адам індет жұқтырып,  61 839 адам сауығып шықты. Өкінішке қарай, 793 адам көз жұмды. 

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясына байланысты халықаралық төтенше жағдай режимін тағы үш айға ұзартты.

Өзгелердің жаңалығы