Әлемде вирус жұқтырғандар 800 мыңнан асты

1 Сәуір 2020, 03:26
1510
Бөлісу:
Әлемде вирус жұқтырғандар 800 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар cаны 800 мыңнан асты.

Бұл туралы АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінде айтылады. Қазір әлемде Covid-19 дертінен 39545 адам көз жұмды. 172869 адам аурудан жазылды.

АҚШ-та вирус жұқтырғандар 165 мыңнан асты. 3400-ден астам адам қайтыс болды. Америка адам өлімі бойынша Қытайдан (3300 адам өлген) асты.

Италияда кейінгі 24 сағатта тағы 837 адам қайтыс болды, 4053 адамға вирус жұқты. Бұл елде екі күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны 4 мың адамның айналасында. Италияда оның алдында бір күнде 5 мыңнан 7 мыңға дейін адамнан вирус табылған. Қазір бұл елде барлығы 105792 адамнан вирус табылып, 12428 адам қайтыс болды. 15729 адам аурудан жазылды.

Испанияда қазірге дейін 94417 адамнан вирус табылып, 8269 адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы