Бас жаңалықтар
Локдаун. Сайлау өтпей қалуы мүмкін бе?
21 Қазан 2020, 17:51 420

Локдаун. Сайлау өтпей қалуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында айтты. 

Министр Алексей Цой егер жағдай пессимистік жолмен дамыса, қаңтар айында локдаунның енгізілу болжамы туралы айтқан болатын. Болжамға келетін болсақ, біз апта сайын ел бойынша қалыптасқан көрсеткіштерге қатысты барлық болжамды қайта қарап отырамыз. Бұл жұмысты тамыз айынан бастадық. Тамыздан бастап апта сайын жұмыс тобы көрсеткіштерді нақтылап отырады. 3 сценарий бойынша біз оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз, - деді ол. 

Шоранов атап өткендей, сайлауды өткізу, өткізбеу министрліктің құзыретіне жатпайды. 

Ал ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова атап өткендей, Денсаулық сақтау министрлігінің міндеті ауру жұқтыру қаупін төмендету. 

Әрине, егер қажет болған жағдайда біз сол кезеңдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты қауіпсіздікті сақтау бойынша сайлауды өткізуге қатысты қажетті ереже мен талаптарды әзірлейміз, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...