Лондон стадиондары вакциналау орталықтарына айналды

20 Маусым 2021, 19:10
863
Бөлісу:
Лондон стадиондары вакциналау орталықтарына айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондонда «Вест Хэм» стадионы да халықты вакциналау орталығына айналып, ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұған дейін Лондондағы «Челси», «Тоттенхэм» және «Чарльтон» стадиондарында да вакциналау орталығы ашылған еді деп хабарлады 24.kz. 

Қала билігі мұндай қадамға жастарды коронавирусқа қарсы көптеп егу үшін барып отыр. Себебі жеткіншектер арасында вирус жұқтырғандар саны артқан. Билік 2 күнде 100 мыңнан аса адамды егуді көздеп отыр. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін шаһардың өзге де жерлерінде шағын вакциналау орындары ашылған. 

Бүгін вакцинаның бірінші дозасын алып қуанып тұрмын. Мен келгенде далада көп адам болып еді, кезегім тез өтті, - дейді жергілікті тұрғын.


Өзгелердің жаңалығы