МӘМС аясында жеке кәсіпорындарды ынталандыруға мүдделіміз - Айбатыр Жұмағұлов

20 Ақпан 2020, 14:18
1327
Бөлісу:
МӘМС аясында жеке кәсіпорындарды ынталандыруға мүдделіміз - Айбатыр Жұмағұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтты. 

Жеке меншік медициналық ұйымдар бойынша келісім-шартқа отырған мекемелердің арасында 601 жекеменшік ұйымдар бар. Бірақ, көлем жағынан есептейтін болсақ, 20%-ға жуық медициналық мекемелерге келісімшарт бойынша ақша таратылды, келісім жасастық. Әрине, біз МӘМС аясында жеке кәсіпорындарды ынталандыруға мүдделіміз. Біз келісімшарт жасасқан кезде мемлекеттік немесе жеке кәсіпорын деп бөлмейміз. Бәріне қойылатын талап – бір. Медициналық қызметтерді сатып алуда электронды жүйеге көштік. Сол себепті олардың қатысу мүмкіндігі де артты, - деді Қордың басқарма төрағасы. 

Сонымен қатар, тұрғындарға осы медициналық ұйымда тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік бар екенін көрсету үшін арнайы стикерлер ілінуде. Яғни, МӘМС-ке қатысы бар екенін түсіндіру.
Осы ақпаннан бастап, біз медициналық ұйымдарға стикерлер іліп жатырмыз. Ондағы негізгі мақсатымыз – бірінші ретте тұрғындарға осы медициналық ұйымда тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік бар екенін көрсету. Яғни, МӘМС-ке қатысы бар екенін түсіндіру. Сондықтан да азаматтардың өзінің құқықтарын сол жерде талап етуге мүмкіндігі бар, - деді Айбатыр Жұмағұлов. 

Ол кез келген пациенттің клиника таңдау мүмкіндігі екенін атап айтты.
Азаматтырдың клиниканы таңдауға мүмкіндігі бар. Шағын бейінді мамандарға көңілі толмай басқа емханаға барғысы келсе, оны таңдауға мүмкіндігі бар. Оған учаскелік дәрігер бағыттама жазу керек. Яғни, жолдама береді, - деп түсіндірді спикер. 

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілуімен денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 2020 жылы 1,6 трлн теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық қызметтерді тегін ала алады. 

Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелуі керек. 

Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмек алуды жалғастыра береді,  ол тек медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтерге ақылы болады. Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды.
Өзгелердің жаңалығы