Бас жаңалықтар
Мьянмадағы қақтығыс: БҰҰ мүшесін елге кіргізбеді
27 Ақпан 2021, 10:30 308

Мьянмадағы қақтығыс: БҰҰ мүшесін елге кіргізбеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұйымның арнайы өкілі халықаралық қауымдастықты елге кіріп, жағдайды объективті бағалау үшін өз ықпалын пайдалануға шақырды.

Мьянманың жаңа басшылығы БҰҰ-ның арнайы өкілі Кристин Шранер Бургенерге сапардан бас тартып, оны белгісіз мерзімге кейінге қалдыруды өтінді. Бұл туралы саясаткердің өзі 26 ақпан күні БҰҰ Бас Ассамблеясының алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп жазады korrespondent.net.

Өкінішке қарай, қазіргі режим менің сапарды кейінге қалдыруыма мәжбүр етіп отыр. Менің ойымша, олар жаппай қамауға алуды жалғастыруға және азаматтық билікке қарсы ұсталған айғақтарды іздеуге ниетті. Бұл қатал әдіс және адамгершілікке жатпайды, - деді Бургенер.

Осыған байланысты елші халықаралық қауымдастықты Мьянмаға кіріп, елдегі жағдайды объективті бағалау үшін өз ықпалын пайдалануға шақырды.

Оның пікірінше, биліктегі әскери адамдар саяси қуғын-сүргінді және наразылық білдірушілерге қарсы қару қолдануды жалғастыра береді.

Еске салайық, Мьянмада 1 ақпанға қараған түні әскери төңкеріс басталған еді. Президент Мин Вьин мен премьер-министр Аун Сан Су Чжи қамауға алынды.

Фото: дереккөз
Загрузка...