Бас жаңалықтар
Мәжіліс депутаттары экологиялық акцияға қатысты
19 Қыркүйек 2020, 13:09 178

Мәжіліс депутаттары экологиялық акцияға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары «World cleanup Day» атты ең ірі экологиялық акцияға қатысты. Қазақстан Дүниежүзілік тазалық күніне Мемлекет Басшысының «Birge - taza Qazaqstan» акциясын тұрақты негізде өткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында қосылды. 

Мәжіліс депутаттары Нұр-Сұлтан қаласының Есіл өзені бойындағы саябақ аумағында үйеңкі, қарағаш, емен, қарағай, шырша, қарағай көшеттерін отырғызды. 

Осылайша депутаттар Нұр-Сұлтанның оң жағалауындағы қазақстандықтардың белсенді демалысы үшін қолайлы да заманауи кеңістікке айналдыратын аймақты абаттандыруға өз үлестерін қосты. Елді көгалдандыру - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қойған маңызды міндеттерінің бірі, - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Алдағы бес жылда орман қорына 2 миллиардтан астам, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері Мәжіліс депутаттарының үнемі назарында. Осыған сәйкес, Палата экологиялық заңнаманы жаңғыртуға бағытталған бірқатар заң жобаларын әзірлеу үстінде. Оның ішінде жаңа «Экологиялық кодекстің» жобасы бар. 

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары елдің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қажетті заңдар қабылдау, инновациялық технологияларды енгізу, алдын алу шараларын әзірлеу және халықтың экологиялық мәдениетін көтеруді қажет деп санайды.Депутаттардың пікірінше, бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың және тұтастай алғанда елдің тұрақты дамуының қажетті алғышарты. Әр түрлі экологиялық науқандарға қатысу қоршаған ортаға ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға, экологиялық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...