Бас жаңалықтар
Мәжілістен тағы бір депутат кетті
23 Қыркүйек 2020, 10:45 772

Мәжілістен тағы бір депутат кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі Смағұловты ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулысының негізінде қабылданған ҚР ОСК-ның 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, депутат Асылбек Айжарықұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамын, - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин. 

Жалпы отырыста депутаттар аталған ұсынысты қолдап, дауыс берді.

Асылбек Смағұлов 2016 жылдың 24 наурызынан VI шақырылымдағы Мәжілістің депутаты болған еді. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып қызмет етті.

Айта кетейік, қыркүйек айынан бастап, әртүрлі қызметке ауысуларына байланысты бірнеше депутат кетіп үлгерді. Олардың қатарында Айзада Құрманова, Нұрлан Әбдіров және Нұрлан Дулатбеков бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...