Бас жаңалықтар
Маған сеніп тапсырған болатын: Дәурен Абаев жаңа қызметі жайлы айтты
07 Ақпан 2020, 12:10 211

Маған сеніп тапсырған болатын: Дәурен Абаев жаңа қызметі жайлы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаев алдағы жоспарымен бөлісті.

Осыған дейін қазақ күресі федерациясын басқарған Арман Шораев өз орнына ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты ұсынған болатын. Федерация өкілдері бірауыздан бұл ұсынысты қолдаған еді.
Былтырғы жылдың қазан айында қазақ күресі федерациясының өкілдері осы ұйымның президенті қызметін маған сеніп тапсырған болатын. Осы уақытқа дейін біз атқарылуы тиіс шаруалар мен шараларды реттеп, жұмысты жүйеледік, жоспар құрдық. Енді соған сәйкес, бірқатар кешенді жобаны іске асырғалы отырмыз. Біздің негізгі мақсат – қазақ күресін әлемдік деңгейге көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ең алдымен қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмысы қолға алынды, - дейді Дәурен Абаев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда қазақ күресінің 100 сағаттық оқу бағдарламасы дайындалған. Ол оқу бағдарламасында күрестің әліппесінен бастап өзіндік спорт түрі ретінде барлық қыры, оқыту жолдары қамтылған екен.
Алдағы оқу жылы пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтан қаласында бес мектепте дене шынықтыру пәндеріне қазақ күресі енгізіледі. Әлемнің көптеген елінде ұлттық спорт міндетті түрде мектепте оқытылады. Сол себепті жұмысты реттеп алу үшін бастапқыда бес мектепке факультативті пилоттық жоба ретінде енгіздік, - дейді федерация президенті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...