Мақтааралды қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын

2 Тамыз 2020, 10:40
1228
Бөлісу:
Мақтааралды қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл мамыр айының басында Мақтарал ауданындағы су тасқынынан туындаған төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында Түркістан облысында "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қоры құрылды.

Арнайы қор арқылы қайырымдылық және демеушілік көмек жинау бойынша жұмыстар атқарылды.

Қорға 8 539 880 411 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат түсті. Бүгінгі күні Қор зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына жиналған қаражатқа жалпы сомасы 6 603 908 580 теңгеге көмек көрсетті. Оның ішінде – 1000$ мөлшерінде өтемақы төлеу, мал жоғалту бойынша шығындарды өтеу және тұрғын үйлерді қалпына келтіруге өтемақы төлеу қарастырылған, - делінген хабарламада.

Бағдарламаға сәйкес, Мақтарал ауданындағы бүлінген тұрғын үйлерді қалпына келтіруге жалпы сомасы 17 млн.теңгеге үш ірі траншпен өтемақы төленеді. Қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынғаннан кейін тұрғындарға 8 500 000 теңге (жалпы соманың 50%) мөлшерінде бірінші транш төленеді, ал қалған 2 транш тұрғын үй құрылысы барысында 25% төленеді. Бүгінгі күні тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша көмек көрсету шеңберінде 509 шарт жасалды, оның 496-сы бойынша бірінші транштар төленді. Сонымен қатар, 33 отбасы 4 250 000 теңге көлемінде 2 транш өтемақы алды. Қор мамандары қаражат төлеу және құрылыс барысын бақылау үшін қажетті құжаттарды дайындау жұмыстарын жалғастыруда.

Қор хабарлағандай,  "Түркістан» ӘКК" АҚ мен "Birgemiz-Turkistan" корпоративтік қоры және "Өтемұратов Қоры" жеке қоры бірлесіп Мырзакент ауылында 170 үйдің құрылысы белсенді жүргізуде. Жалпы, бүгінгі күні құрылыс алаңдарында 2200-ден астам жұмысшы жұмыс істейді, олардың 1800-ге жуығы Фирдоуси және Оргебас ауылдарында.

Сонымен қатар, Қор Мақтааралдық балаларды Қапшағай қаласы мен Төлеби ауданында орналасқан жазғы лагерьлерге жалпы сомасы 35 млн.теңгеге жеткізу жұмысын ұйымдастырды. Арнайы лагерьлерге су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан шыққан әр түрлі жастағы балалар жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы