Маңғыстау облысында вирус жұқтырған тағы екі адам анықталды

6 Сәуір 2020, 12:28
1876
Бөлісу:
Маңғыстау облысында вирус жұқтырған тағы екі адам анықталды

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Олар бұған дейін COVID-19 диагнозымен карантинге жатқызылған үшінші тұрғынмен жақын байланыста болған. Осымен шалғай аймақта ағзасынан вирустық инфекция белгілері байқалған адам саны беске жетіп отыр.

Науқастар кеше түнде жедел-жәрдем көлігімен провизорлық стационарға жеткізілген. Олармен бірге тағы екі азаматтан қан алынып, зертханада талдау жасалды. Нәтижесі теріс болып шықты.

Белгілі болғанындай, қан құрамынан вирус табылған науқастар - 1990 жылы туған әйел адамдар Өзбекстан Республикасының азаматтары. Олар 14 шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрған.
Олар 3 сәуір күні шұғыл провизорлық орынға жеткізілген ерлі-зайыптылармен байланыста болғаны анықталды. Бұдан бөлек кеше түнде көптен оқшауландырылған науқастардың шамамен 138 адаммен араласқаны белгілі болып отыр. Оның ішінде 23-імен тікелей қарым-қатынаста болған. Осылардың арасынан 22 адам коронавирус жұқтырды деп есептеледі. Қазіргі таңда науқастар тұрған бесқабатты үйдің подъезі қала әкімдігі, денсаулық сақтау саласының мамандары және полиция қызметкерлері күшімен карантинге алынды. Ол жерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі - деді осыдан жарты сағат бұрын Ақтауда өткен брифингте Ержан Күмісқалиев.

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының сөзінше, науқастармен байланыста болған 138 адамның барлығы да көптен оқшауландырылған. Олардың жағдайын провизорлық стационар дәрігерлері бақылап отыр.

.

Өзгелердің жаңалығы