Бас жаңалықтар
Маңғыстауда биыл 7 жаңа жоба іске қосылады
12 Тамыз 2020, 22:06 190

Маңғыстауда биыл 7 жаңа жоба іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың қаңтар-шілде аралығында Маңғыстаудағы негізгі макрокөрсеткіштер оң динамикасын көрсетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда:

өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 103% ,

ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 100,1%,

негізгі капиталға салынған инвестиция – 111,1%,

құрылыс жұмыстарының көлемі – 107,1%,

тұрғын үйді іске қосу қарқыны – 100,2 деңгейінде қамтамасыз етіліп, оң өсімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, қазіргі жағдайды ескере отырып, өңір экономикасын әртараптандыру аясында шикізаттық емес секторды дамытудың жоспарын іске асыру оң нәтижелерге қол жеткізілуде. Мәселен, туризмді дамыту саласында "Риксос Ақтау" қонақ үй кешені сәтті іске қосылды, қазір туристердің қызығушылығы артуда.

Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына жүктемесін арттыруға қолдау көрсетуде және биыл осы салада 7 жаңа жоба іске қосылады деген жоспар бар. Олар:

1. Түпқараған ауданында құс фабрикасы "Ақтау-Агро" ЖШС. 2. Қант шикізатын қайта өңдеу шағын зауыты "Орда" ЖШС

3. Мұнайлы ауданында құрама жем зауыты "Жамалбек" ЖШС

4. Мұнай кәсіпшілігі мен бұрғылау жабдықтарын өндіру, қызмет көрсету және жөндеу өндірістік цехы "OSS Kazakhstan" ЖШС

5. Шағын газ поршенді электр станциялары базасында "Қазақ газ өңдеу зауыты" үшін электр энергиясын өндіру "Оралмұнайпром" ЖШС

6. Полимерлік қаптама өндіру зауыты "Достық Полимер Плюс" ЖШС

7. "Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенін салу" (2-кезең) "Mangystau Oil Refining" ЖШС.

Жаңа жобалар іске қосылғанда 1 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.

Қазіргі мақсат – өңірдегі қолдауды қажет ететін әрбір кәсіпорынға сүйемелдеу көмегін көрсете отырып, кәсіпкерлік белсенділігін арттыру.


Фото: дереккөз
Загрузка...