Маңғыстауда есірткі сататын 24 сайт жабылды

25 Ақпан 2020, 08:55
1433
Бөлісу:
Маңғыстауда есірткі сататын 24 сайт жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Маңғыстау облысында есірткі затын сатуды жарнамалайтын 24 сайт анықталып, жабылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай сайттарды құру есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау болып саналады. Ол үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған, оған 150-ден 700 АЕК-ке дейін, яғни 378 750 теңгеден 1767,500 теңгеге дейін айыппұл салынады, – дейді Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің басқармасы. 
Сонымен қатар жергілікті полиция қызметінің басқармасымен бірге қаланың қоғамдық орындарында 8 граффити жазуы өшірілді. Қарапайым азаматтар мұның есірткінің жарнамасы екенін байқамайды, тек тұтынушылар ғана біледі.
Өзгелердің жаңалығы