Маңғыстауда келесі жылы екі бағытта ақылы жол іске қосылады

21 Қыркүйек 2020, 21:15
1598
Бөлісу:
Маңғыстауда келесі жылы екі бағытта ақылы жол іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды. 

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы филиалының директоры Айбек Әнуарбековтың мәліметінше, келер жылдан бастап, 661 шақырым жолды ақылы ету жоспарланып отыр. Оның бірінші бағыты «Ақтау-Бейнеу». Екінші бағыт «Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы». 

Осы бағыт бойынша тек ауыр жүк көліктері ақы төлейді. Көлік дәлізінің тәуліктік қарқындылығы 2500 автокөлік.

Аталған жолдарда 9 стационарлық пункт болады және 2 клиенттермен жұмыс атқару орталығы болады. 9 стационарлық пунктте фото, видео жүргізіліп, орталыққа жіберілетін болады, - деді Айбек Әнуарбеков.

Бұдан бөлек, 2022 жылы «Жетібай-Жаңаөзен» бағытындағы автокөлік жолы жолаушыларға ақылы қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы автожол барлық көлік түрлеріне ақылы.

Жыл соңында өтетін қоғамдық тыңдау кезінде ақылы жолдармен жүріп өткені үшін қанша теңге көлемінде ақы төлейтіні белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы