Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы түрік тілінде жарық көрді

21 Қыркүйек 2020, 23:39
1268
Бөлісу:
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы түрік тілінде жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ыстанбұл университеті Түрік тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушысы Доцент Уғур Гүрсу Мағжан Жұмаевтың «Педагогика» кітабын түрікше жариялады.

Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  
Студенттік жылдарында қазақ тіліне деген қызығушылығы басталған У. Гүрсу докторантура кезінде «Түрікше және қазақша мақал-мәтелдердің салыстырмалы анализі» атты диссертациясын қорғайды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» туындысының түрікшеге аударылмағанын байқап, аударма жұмыстарына кіріседі. Осылайша толағай еңбектің жемісі, Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты оқу құралы жуырда түрік оқырмандарына ұсынылды, – деп жазды Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Facebook парақшасында.

Оқу құралы педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Сондай-ақ, кітапта психология және логика салалары туралы да ақпарат берілген. Сонымен қатар туындыда педагогика ілімі қазақ мәдениеті мен дәстүрлеріне сәйкес жазылған.

Өзгелердің жаңалығы