Мамин эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырма берді

12 Сәуір 2021, 09:49
1135
Бөлісу:
Мамин эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вакцинациялау кестесі қатаң сақталып, ай сайын екі миллион адам вакцинамен қамтамасыз етілуі тиіс. Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин әкімдіктер мен бірқатар ведомстовларға эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша тапсырма берді. 

Оның айтуынша, пандемиямен жағдай күрделі.

Қазірдің өзінде  сегіз өңір «қызыл аймаққа» кірді. Аруханалық орвндардың жүктемесі 41 пайызды, реанимацияда 27 пайызды құрайды. Вирустің репродуктивтілік индексі 1,15 пайыз. Денсаулыық сақтау министрлігі мен әкімдіктер ауруханалардағы орындардың толық дайындығын қамтамасыз ету қажет. Біздің міндетіміз эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцинацияланғандардың санын арттыру. Осы ретте әкімдіктер эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел шектеу шараларын қабылдасын, барлық мекемелер дәрілік заттармен, емдеуге қажетті көлеммен толықтай қамтамасыз етілуі тиіс. Өңірлерде бетперде кию режимін қатаңдату қажет, - деді ол.

Екіншіден вакцинациялаудың графигі сақталып, сәуір және мамыр мен маусым айында ай сайын екі миллион адамды вакцинамен қамтамасыз ету қажет. 

Сондықтан Денсаулық сақтау министрлдігі мен әкімдіктер қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында вакцинанациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етулері тиіс.  Денсаулық сақтау министрлігі мен ақпарт министрлігі халыққа вакцинациялау туралы түсіндіру жұмыстарын жетілдірулері қажет, - деді Мамин.
Өзгелердің жаңалығы