Жағдай күрделі: Мамин коронавирус туралы айтты

2 Наурыз 2020, 10:22
3032
Бөлісу:
Жағдай күрделі: Мамин коронавирус туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында коронавирус инфекциясына қатысты Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрлігіне тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке халықты коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын күшейтуді тапсырды. Әлемдегі жағдай күрделі. Өздеріңіз жақсы білетіндей, қазіргі уақытта вирус 50-ден астам елде анықталып, өте жылдам таралып жатыр. Қазір Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдар жоқ. Сондықтан барлық алдын алу шараларын жалғастыру керек. Коронавирустың таралуы әлемдік экономикаға үлкен әсерін тигізіп отыр,- дейді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, коронавирустың таралуы атап айтқанда өнеркәсіп, транзит, саудаға, экспортқа кері әсері байқалып жатыр екен. 

Осы ретте Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдау керек. Министрліктердің атап өткен ұсыныстарын қолдаймын. Біріншіден, Денсаулық сақтау министрлігі барлық мемлекеттік шекаралық өткізу пунктерінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтіп, әзірленген іс-қимыл алгоритмін іске асыруға дайын болуын қамтамасыз етсін. Екіншіден, Сыртқы iстер министрлігі бұған дейін жоспарланған ірі халықаралық шараларды ауыстыру бойынша ұсыныстарды енгізсін. Коронавирус инфекциясы таралған елдер үшін транзитті, электронды, туристік визаларды тоқтату қажет - деді премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы