Бас жаңалықтар
Асқар Мамин Үкіметтің 2020 жылдағы жоспарымен таныстырды
24 Қаңтар 2020, 10:59 198

Асқар Мамин Үкіметтің 2020 жылдағы жоспарымен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин келер жылы Үкімет еліміздің экономикалық өсімін 4,7-5% жеткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

2019 жылы бұл көрсеткіш 4,5% құраған болатын.

Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің тапсырмаларыңызды орындау аясында Үкіметтің 2020 жылдағы негізгі мақсаты – экономикалық өсімнің 4,7-5 % деңгейінде қамтамасыз ету. Сонымен қатар, 430 мың жаңа жұмыс орнын құру. Инвестиция көлемі ЖІӨ 20% деңгейіне жеткізу. Шикізаттық емес экспортты 18,6 млрд долларға жеткізу. Халықтың нақты табысын 6% арттыру. Шағын және орта  бизнестің экономикалық үлесін 30 пайызға дейін ұлғайту және 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу бойынша аса маңызды міндеттер қойылды, - деді Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, премьер-министр көзделген жоспарды орындау үшін Үкімет мүшелері аянбай тер төгетінін атап өтті.

Сіз өз жолдауыңызда еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерістер сезінуі тиіс деп атап өттіңіз. Сондықтан біздің жұмысымыздың басым бағыты – тұрақты экономикалық өсім арқылы азаматтардың өмір сүру деңгейінің артуын қамтамасыз ету. Осы міндеттерді нәтижелі орындау үшін нақты жоспарымыз бар және оған бар күш-жігерімізді саламыз, - деп бөлісті Асқар Мамин 2020 жылдағы Үкіметтің жоспарымен. 

Бүгін сағат 10.30-да 2020 жылдағы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Мемлекет басшысынан кейін сөз алған ҚР премьер-министрі Асқар Мамин 2019 жылы 2,7 млн азаматтың жалақысы өскенін айтты.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...