МӘМС: Наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3,4 млрд теңгеден аса жарна аударылды

12 Сәуір 2021, 23:49
1598
Бөлісу:
МӘМС: Наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3,4 млрд теңгеден аса жарна аударылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Елордалықтар 2021 жылдың басынан бері, яғни қаңтар-наурыз айларында медициналық сақтандыру үшін 8,9 млрд теңгеден аса жарна аударды, ал наурыз айында МӘМС үшін 3,4 млрд теңгеден аса жарна түсті, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 31 наурызы аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 67 млрд теңгеге жуық.

Осы жылдың наурыз айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,4 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілер аударымдары 1,6 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден 1,8 млрд теңге түскен. Сондай-ақ, 2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 7 324 адам бірыңғай жиынтық төлем бойынша МӘМС-ке жарна төлеген. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Өзгелердің жаңалығы