Маңғыстау облысында автомобиль жолдарын жөндеуге 12,3 млрд теңге бөлінді

27 Сәуір 2021, 14:39
2140
Бөлісу:
Маңғыстау облысында автомобиль жолдарын жөндеуге 12,3 млрд теңге бөлінді

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысында автомобиль жолдарын жөндеу және қайта жаңғыртуға 12,3 млрд теңге бөлінді. Оның 11 млрд 477 млн теңгесі үкімет резервінен, 226 млны республикалық, қалған 648 млн теңгесі облыс бюджетінен қаралды. 

Бұл туралы өңірлік жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, көлік жолдарын жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары Қарақия ауданының Жетібай ауылында және Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов елді мекенінде басталып та кетті. Жалпы айтсақ, 14 жобаны жүзеге іске асыруға 1,3 млрд теңге жұмсалу көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, биылғы жыл басында біздің облысымызда жалпы ұзындығы 92,4 шақырымды құрайтын үш жоба қолға алынған болатын. Олар ұзындығы 24 шақырымдық «Ақтау – Форт-Шевченко» трассасын, Ақтаудағы «Хонда» орталығынан бастап Өмірзақ ауылындағы Т-пішіндес жол қиылысына дейінгі 4,4 шақырымды түгелдей жаңғырту және республикалық маңызға ие «Құрық-Жетібай» автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізу. Былтырғы жылдан осы жылға ауысқан тағы 5 жобамыз бар. Оларды да жылдың соңына дейін аяқтауды күн тәртібіне қойып отырмыз - деді Адайбек Қалиев.

Бұл жобалар уақытында жүзеге асқан жағдайда жалпы ұзындығы 67,6 километрге дейін жолдардың сапасы жақсарады деп күтілуде. 

Олардың алғашқысы «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала мекені» трассасы, ұзындығы 29 километр, 2017 жылдан бері жұмыс жалғасып келеді. Сонымен қатар Маэк су алғышынан бастап «Құрық» паромдық кешенге дейінгі 27 шақырымдың көлік жолын жөндеу қолға алынды. Оның құрылысы 2019 жылдан бері жалғасып жатыр. Осыған бұл мекеннен «Шора көпіріне» дейінгі 0,07 шақырымдық жолды қосыңыз. ХГМЗ-дан Ақтаудың 23-28а шағын аудандарын жалғайтын 7 шақырымдық жолды қалпына келтіру басталды. Соңғысы Өмірзақ ауылынан «Жылы жағажайға» дейінгі 4,6 шақырым жолдың үстіңгі қабатын қайта төсеу жобасы - деді басқарма басшысы. 

Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 87,6 шақырымды құрайтын тағы 5 жобаның сметалық құжаттары жасақталып жатқаныны да айтылды. 

Олар «Таушық-Шетпе» автожолы (66 км), «Нұрас» жанармай станциясынан арнайыЦонға дейінгі жол (5 шақырым), 1 шағын ауданнан ХГМЗ теміржолға дейінгі аралық (8 км), ХГМЗ теміржолға дейінгі аралықтан №17 станцияға дейін (6,2 шақырым) және 2,4 шақырымдық «Ақтау-Құйылыс» көлік жолын жаңарту жоспарланып қойылған. 

Өзгелердің жаңалығы